Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттеріне арналған «Жалаңтөс Баһадүр – тарих төріндегі дара тұлға» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді. Іс-шара көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, батыр әрі би Жалаңтөс Баһадүрге арналды. Іс-шара барысында студенттер Жалаңтөс Баһадүрдің өмірі мен қызметімен, әскери ерліктерімен, мемлекет дамуына қосқан үлесімен, сондай-ақ Қазақ хандығы мен Орталық Азия тарихындағы маңызды рөлімен танысты. Сонымен қатар «Жалаңтөс Баһадүр — тарихтағы көрнекті тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлы қолбасшының өмірі мен қызметіне арналған кітаптар, тарихи басылымдар және ақпараттық материалдар қойылды. Студенттер көрмеге ұсынылған материалдармен қызығушылықпен танысып, халқымыздың тарихи мұрасы туралы көптеген жаңа мәліметтер алды.
Студенттердің ерекше қызығушылығын «Жалаңтөс Баһадүр — тарихтағы көрнекті тұлға» атты бейнеролик тудырды. Бейнероликте көрнекті батырдың өміріндегі негізгі оқиғалар мен оның ерлік жолы баяндалды.
Іс-шара студенттердің тарихи білімдерін кеңейтуге, Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыруға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және ұлттық тарихи мұраға деген құрметін тәрбиелеуге бағытталды. Сонымен қатар жас ұрпақты халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалармен таныстыруды мақсат етті.

















