«Рәміздер елдігімнің рені, теңдігімнің тірегі»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай 4 маусым күні Павлодар қаласының № 6679 әскери бөлімінде «Рәміздер елдігімнің рені, теңдігімнің тірегі» патриоттық сағаты өтті. Кітапхана қызметкерлері әскери қызметшілерге елдің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығы туралы айтып берді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Әскери қызметшілерді мемлекеттік мерекемен құттықтай отырып, кітапханашылар аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсатын атап өтті: жеке құрамда жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, азаматтық борыш пен Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындыққа тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау көрнекі үгіт және әлеуметтік жарнама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Баспа басылымдарында мақалалар үнемі жарияланып тұрады, қала кітапханаларында Мемлекеттік рәміздер жөніндегі мерзімді басылымдар мен кітап көрмелері ұйымдастырылады. Іс-шара барысында «Мемлекеттік рәміздер-елдің негізі» бейнеролигі мен слайдтар көрсетілді. Сонымен бірге «Рәміздер — ел мақтанышы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.