«Рухани қазына – кітап әлемі»

Ұлттық кітап күніне орай кітап апталығы бүгіннен бастау алды. Осыған байланысты «Рухани қазына – кітап әлемі» атты тағылымды шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға №24 мектептің 3-сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Кітап күні туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оның шығу тарихы мен кітапқа қатысты қызықты деректер таныстырылды. Шара барысында кітап оқу марафоны басталып, оқушылар өздерінің сүйікті шығармаларын дауыстап оқыды. Бұл марафон апта бойы жалғасын табатын болады.

 

Комментарии запрещены.