«Барлық даналық – кітапта»

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай № 39, 27 жалпы орта мектептердің 6-7 сынып оқушыларына «Барлық даналық – кітапта» кітап бенефисі ұйымдастырылды. Іс-шараға ақын Ольга Николаевна қатысты. Оқушылар жазушының шығармашылығымен танысты. Ольга Николаевна оқушыларға өз балалық шағы туралы өлең жаза бастағаны туралы, шығармашылық жолымен туындыларының қалай дүниеге келетіні жайында әсерлі әңгімелеп берді. Сонымен қатар, жуырда жарық көрген жаңа кітабымен таныстырды. Жазушы өз шығармаларындағы кейіпкерлер туралы қызықты оқиғалармен бөлісіп, шығармашылыққа не шабыт беретінін айтып, кітап жазу үдерісінің қыр-сырымен таныстырды. Оқушылар жазушыны үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кездесу соңында кітапхана қорынан «Сөз өнеріндегі өлкетану»» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды.

 

Комментарии запрещены.