«Күй анасы – Дина»

Балалар кітабы мен музыка апталығы аясында 30 наурыз күні № 5 мектептің 5 – 6 сынып оқушыларына қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Күй анасы – Дина» музыкалық композиция өткізілді. Шара барысында күйшінің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Күй анасы – Дина» бейнебаяны көрсетілді. Сонымен қатар «Бұлбұл», «Байжұма», күйлерінің шығу тарихы баяндалды. Оқушыларға «Білесің бе домбыраны?» атты сұрақ-жауап ойыны, жұмбақтар ұйымдастырылып, Даналық әліппесі инновациялық сөйлейтін қаламмен таныстырылды. Шара соңында «Науысқы», «Әсемқоңыр» күйлерін тыңдады. «Күй анасы – Дина» кітап көрмесі ұсынылды.

 

Комментарии запрещены.