№3 көпшілік кітапханасында қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстыруға арналған «Наурыздың барлық түстері» дәстүр кеші өтті. Кітапханашылар Наурыз мерекесінің мәні, оны тойлау дәстүрлері, көктемнің символикасы, қонақжайлық пен бірліктің маңызы туралы әңгімеледі. Қазақтың Бесікке салу дәстүрін көрсетті. Бұл рәсімнің әрбір элементінің мағынасы түсіндіріліп, бесікке салу кезінде айтылатын ізгі тілектер мен бесікке салынатын заттардың балаға денсаулық, бақыт және амандық тілеудегі символдық мәні туралы айтылды. Балалар қазақтың дәстүрлі Асық ату ойынына қатысты. Домбыра үйірмесінің қатысушылары бірнеше күй орындады.

















