«Қолдың жылуы мен шабыт»

№3 көпшілік кітапханасында «Қолөнер әлемі» үйірмесі аясында «Қолдың жылуы мен шабыт» атты тәжірибе алмасу сағаты өтті. Кездесудің құрметті қонағы – халық шебері, қолөнерші Сунгатова Галия Балтабаевна. Ол өз шығармашылық жолы, ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен қыр-сыры туралы әсерлі әңгіме айтып, қатысушылармен тәжірибесімен бөлісті. Шебердің әрбір сөзі мен туындыларынан өнерге деген сүйіспеншілік пен шынайы шабыт сезілді. Сонымен қатар, шараға ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Жұмабай Жеткербайұлы қатысып, жастарға жігер берерлік жылы лебізін білдірді. Ол еңбекқорлық, табандылық пен шығармашылықтың маңыздылығы туралы айтып, қатысушыларға мотивация сыйлады. Шара шығармашылық әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар жаңа идеялармен қанаттанып, ерекше әсер алды. Қолөнер – жүректің жылуы мен жанның шабыты. Барша қонақтарымыз бен қатысушыларға алғысымыз шексіз!

Комментарии запрещены.