«Түркі мәдениеті ғасырдан — ғасырға»

Мамыр айының 16 күні Орталық балалар кітапханасында №1 ЖОБМ 5″б» сынып 32 оқушыларына Қазақстанда түркі әліпбиі мен жазуының даму тарихы туралы білімдерін қалыптастыру, тарихқа деген қызығушылығын дамыту; халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Түркі мәдениеті ғасырдан -ғасырға» атты ақпарат күні өтті.18 мамыр — Түркі жазуы күні, ҚР Үкіметі 2014 жылы бекітіп, бұл күн еліміздің аса маңызды мерекелерінің қатарында өз орнын алды.

Кітапхана қызметкерлері қонақтарды қарсы алып, слайдтың сүйемелдеуімен  «Қара тасқа қашап жазған тарихын…» атты әңгімесінде зерттеушілер үшін әлі күнге дейін үлкен қызығушылық танытудағы түркі руникалық жазбасы, оның ашылуы туралы айтып өтті.Ежелгі түркі жазуының түркі мемлекеттерін, оның ішінде қазақ мемлекеттерін құруға ықпалы мен маңызы туралы айтылды. Түркі жазуының ескерткіштері — тіл, тарих, этногенез, география, жазба мәдениеті бойынша құнды дерек. Олар қазақ халқының арғы ата-бабаларының тіл мәдениеті мен мемлекеттілігінің жоғары деңгейінің куәсі болып табылады, көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.

Шара соңында балалар назарына «Ғасыр тарихы» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Сен білесің бе? Көне жазу», «Көне түрік жазбалары»,»Күлтегін жыры» бейнефильмдері көрсетілді.Оқушыларға қызықты болды,тақырыптық сұрақтар бойынша кітапхана қызметкерлері әңгімесінде барлығы белсенділік танытты.

Қатысқандар саны: 32 оқушы

Комментарии запрещены.