«Ертегілер әлеміне саяхат»

13 тамыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 9 бөбекжай-балабақшасының балалары үшін  «Ертегілер әлеміне саяхат»  ойын  бағдарламасы өткізілді. Кітапханашы алдымен ертегінің не екенін айтып берді. Шара барысында: «Кім білгір?» ертегілерді кім көп біледі? сайысы; «Кім тапқыр?» Суреттің қай ертегіден алынғанын табу, кейіпкерлерін атау ойыны; «Кім ойшыл?» ертегіден үзінді оқылып, балалар жалғастырып айту; «Тауып ал!»  ертегіде кездесетін ғажайып, сиқырлы заттар. «Иә және жоқ» сұрақ-жауап ойыны; Шара соңында «Алдар Көсенің сиқырлы тоны»  қуыршақ қойылымы және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфилімі көрсетілді.

Комментарии запрещены.