18 сәуірде Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілгеніне 30 жыл толуына орай №43 орта мектептің 9-сынып оқушыларына «Мен адам боламын!» атты әдеби сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға облыстық әмбебап ғылыми кітапхана туралы, ақын С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. Балалар «Туған еліме», «Ендігі беталыс», «Неге жасаймын?», «Орыс тілі», «Ағайынның азғандығы» т.б өлеңдерін оқып, «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты слайд тамашалады және кітап көрмесіндегі ақынның кітаптарын қарап шықты.
С.Торайғыров табиғатынан күрескер, дүниеге көзқарасы бойынша демократ, әдеби әдісі бойынша сыншыл реалист.Торайғыров қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды бар өткірлігімен көрсетіп, қоғам өмірінің ең өзекті мәселелерін көтерді. Оның «Мен адам боламын!» деген сөзі өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, әркімнің мәңгілік өмірлік кредосына айналуы тиіс.