9 сәуір күні М. Жаманбалинов атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің кітапханасында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Біздің денсаулығымыз біздің қолымызда» атты өзекті диалог өткізді. Кіріспе сөзінде кітапханашы денсаулық және оның құрамдас бөліктері, салауатты өмір салтының аспектілері, соның ішінде физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту, жеке гигиена, ұйқы режимін сақтау, үйрету және жағымды эмоциялар туралы әңгімелесті. Бұдан әрі қатысушылар «Алақан», «Жедел денсаулық», «Мақал-мәтелді жалғап, түсіндіріп бер» тренингтеріне белсенді қатысты. Іс-шара «Егер сіз сау болғыңыз келсе» презентациясын көрсетумен, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын әлеуметтік бейнені көрумен қатар жүрді. Бұл тақырыпқа арналған «Не? Қайда? Қашан?» ойыны өткізілді. Іс шараның сонында кітапханашы барлығына әрқашан жақсы көңіл – күйде болуды тіледі, өйткені қуаныш пен күлкі-денсаулықтың бірінші көмекшісі.