17.01.24 ж. Орталық қалалық кітапханасында «Пишу о жизни просто я…» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері өлең жазып келе жатқан Александр Карабанның алғашқы кітабы. Ферроқорытпа зауытында жұмыс жасап, депутаттық және кәсіподақ қызметтерін қатар атқарған. Ақын шығармашылығында көптеген өлеңдері өмірдің мәңгілік құндылықтарын, ізгілікке, әдептілікке, әділдікке ойлауға мәжбүр ететін философиялық бағыттын ұстанады, және әр түрлі өмір оқиғалары мен адамдар тағдыры туралы, отбасылық өмір көріністерін суреттеу арқылы орын тапқан. Ақынның өте шынайы, лирикалық өлеңдері мен мерекелерге арналған шығармалары көптеген оқырмандарға ұнайтыны сөзсіз. Оларды ресми және кәсіби іс-шараларда және жай мерекелік отбасылық үстелде оқуға болады. Сонымен қатар, ақын кітапхана қорына бірнеше дана «Пишу о жизни просто я…» атты кітабын сыйға тартты.