«Егемендік күні — тарихи қадам» атты дөңгелек үстел
1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні. Осыған орай біздің кітапханада 24 қазан күні сағат 12.00-де №5 Өрт сөндірушілер қызметкерлерімен «Егемендік күні — тарихи қадам» атты дөңгелек үстел өтті. Шара 15 адамды қамтыды.