13 қараша күні №43 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының ұлттық теңгеміздің енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған «Теңге – тәуелсіз Қазақстанның жарқын үлгісі» атты іс-шара өткізілді. Шараға Ұлттық банктің Павлодар филиалының өкілдері Тукенов Дихан Маратұлы мен Жүсіпова Светлана Мұратбекқызы шақырылды. Дихан Маратұлы Тукенов теңгенің қалыптасу тарихы туралы қызықты әрі танымды ақпараттар берді. Слайдтың фонында қазақтың бірінші банкноттарын көрсетіп, таныстырды, банкноттардың Алматыда, монеталардың Өскеменде шығарылғанын, үстінен көлденең сызығы бар Т әріпі ұлттық валютаның символы екені туралы айтты. Оқушылар сұрақтар қойып, «Ұлттық валюта» викторинасына қатысты. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеге орай Ұлттық банктің Павлодар филиалы кітапханаға үш тілдегі «Қазақстан монеталары» кітабын сыйға тартты.