9 қараша күні №43 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін «Зиянды әдеттер туралы пайдалы әңгіме» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді. Кітапханашылар зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық және құмар ойындар туралы айтты. Оқушылар денсаулыққа зиян келтіретін және адамның өмір сүру сапасын нашарлататын әдеттер туралы әңгімеге белсенді қатысып, «Денің сау болсың» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Шара соңында оқушылар «Денсаулық ағашының» жапырақтарына пайдалы әрі қызықты әдеттерді жазды. «Денсаулық әліппесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.