2023 жылдың 20 ақпанында «Өзің оқы және өзгені қызықтыр» жобасы аясында № 1 мектеп-интернатының (есту қабілеті нашар балалар) оқушыларына балалар журналдарының негізінде «Оқы, демал – уақытты жақсы өткіз» атты шара өткізілді. Балаларға әсіресе «Жоғалған және табылған ертегі» айдары бар журналдар, бояу кітаптары, ребустар ұнады. «Ертегілер әлемінде» журналының беттерінен «Су адамы» ертегісінен үзінді оқылды.