28 сәуір күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері Мұхтар Әуезов атындағы жалпы мектебінің кітапханашыларымен бірлесіп 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға интернационалды отбасыларынан шыққан, әртүрлі ұлтты 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Олар өз отбасыларының тарихын әңгімелеп, Қазақстан-біздің Отанымыз, құтты мекеніміз деп айтып ризашылық білдірді. Ересько Артем өзінің үлкен неміс әжесінің өмірбаянын қысқаша әңгімеледі. Барт Данил мен Черкасов Данил жераудару саясатының құрбандары болған неміс бабалары жайлы айтты. Беланов Антон украин атасы Тың игеру науқанына қатысып, Қазақстанда тұрғанын баяндап берді. 5 «Д» сынып оқушысы Тұрлыбек Адина «Мой Казахстан» атты өзі жазған өленің оқып берді. Мектептің домбырашылар ансамблі Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап іс-шарамыздың шымылдығын ашты. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегендей, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.