12 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы № 15 ЖОББМ-ның 5 сынып оқушылары үшін халықаралық климат күніне арнап «Табиғатта жаман ауа-райы жоқ» экосағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың климат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Жүргізуші метеорологтардың климатты адамдардың өміріне әсер ететін негізгі ресурс ретінде қорғауға шақыруымен құрылған осы экологиялық мерекенің бүкіл адамзат үшін маңызы туралы айтты. Келесі бағдарламада: «Табиғатта жаман ауа-райы жоқ»; «Ауа райы қалай болжанады» бейнеролигін көру; «Көңіл-күйің қандай?», «Ормандағы тәртіп ережелері», «Жеуге жарамды саңырауқұлақтар», «Түсіңді тап», «Ауа райы бюросы» ойындары; «Табиғат көмекшілері» викторинасы; «Дауыспен тану» және «Төбедегі Карлсон» сайыстары; «Батпақпен жүру» эстафетасы. Соңында балалар «Ми-ми-аюлар» сериясынан «Ауа-райын болжаушылар» мультфильмін тамашалады.