22 ақпанда Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында павлодарлық жазушы, журналист Юрий Поминовтың 70 жылдығына орай «Нить, связующая душу» өлкетану сағаты өткізілді. Іс-шара кітапхана оқырмандары, ауыл ардагерлері кеңесінің үшін ұйымдастырылды, сондай-ақ Павлодар қалалық «ОПТИМИСТ» мүгедектер ерікті қоғамының қонақтары қатысты. Кітапханашылар әңгіме барысында жазушының, корреспонденттің, Қазақстан мен Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар қаласының, Павлодар облысының және Железин ауданының Құрметті азаматы Юрий Дмитриевичтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Ауыл ардагерлері кеңесінің мүшесі және тұрақты оқырман Маршала В.В. қонақтарға Ю. Поминовтың «Свет отчего дома» кітабынан үзінді оқыды. Кітап көрмесі дайындалды.