21 сәуір күні № 25 ЖОББМ 2 сынып оқушыларына арналып Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы-майдангер, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына орай «Халқының аяулы перзенті» атты ерлік сағаты өткізілді. Балалар Украина елінде атақты партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов гитлерлік басқыншыларымен батыл күрескені жайлы ақпарат естіді. «Туады ерлер ел үшін!» тақырыптық сөресіндегі кітаптармен танысты. 8-ші шағынауданының ардагерлер кеңесінің хоры кішкентай оқырмандарға патриоттық әндер айтып, көңілдерін көтерді.