19.04.2023 ж. Орталық қалалық кітапханада ақын, ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы М.Ж. Көпейұлының 165 жылдығына «Мəшһұр Жүсіп дүниетанымы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға өңіріміздің ақын-жазушылары, зиялы қауым, М.Ж. Көпейұлының ұрпақтары және жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен студентер қауымы қатысты. Шараға келген қонақтар М. Жүсіп Көпейүлының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің білімдерін тереңдету мақсатында шығармаларымен таныстырылып, ұлттық құндылықты, көркем сөзбен, сөз өрнегінің қадір-қасиетін жан-жақты ашу ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, Торайғыров университенінің профессоры Елікбай Серік — М.Ж. Көпейүлының белгілі тұлға болғандығы және оның өмір мен шығармашылығы жайлы қаншалықты көп айтылса да, құпиясы ашылмаған терең тақырып екендігін айта келіп, сол тақырыпқа көркемдік тұрғыдан тоқталуға бел байлап, «Мәшһүрдің мұңы» роман жазып жарыққа шығарғаны туралы тоқталып өтті. Дөңгелек үстелде кітапхананың оқырмандары Шыныбек Ағжан М.Ж. Көпейұлына арналған арнауын оқыды. Сонымен қатар кітапхана қорынан «Мəшһұр Жүсіп мұралары хақында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге ақынның өмірі мен шығармалары кітаптары мен мерзімді басылымдар қойылды.