«Төле бидің төрелігі»

2023 ж. 27 наурыз күні облыстық лицей – мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы жүздің биі, қоғам қайраткері, шешен, ақын және «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығаруға үлкен үлкесін қосқан Төле би Әлібекұлының 360 ж. орай «Төле бидің төрелігі» атты тарих сағаты өтті. Шара барысында оқушылар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты және бидің нақыл сөздерін оқып өз сөздерімен түсіндіруге тырысты. Төле бидің адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

 

Комментарии запрещены.