15 ақпан күні «Кешкі кітапхана» жобасы және «Мемлекеттік тілде сөйлейміз» акциясы аясында №43 мектептің 5 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сембина Мадина Сансызбайқызымен бірлесіп «Тіл — халықтың даналығы» атты іс-шара өткізілді. Мәдина Сансызбайқызы қазақ тілі мен әдебиетін жақсы білу қажеттігі туралы айтып, ҚР Мемлекеттік рәміздерін білу бойынша ойын өткізді. Кітапханашылар балаларға қазақ тілінде қызықты тапсырмалар дайындады: «Мақал не туралы?», «Ойлан тап», «Аудармашылар», «Затты сипатта», «Полиглот». Балалар «Бәйге» викторинасына белсене қатысты. Кітап көрмесі бойынша шолу жасалды, балалар қазақ тілі мен мәдениетін үйренуге көмектесетін кітаптармен қызығушылықпен танысты.