15 ақпан күні Орталық балалар кітапханасының коворкинг орталығында көркемөнер колледжінің 1-ші курс студенттері үшін Павлодарлық суретші Лидия Михайловна Борисенконың туғанына 70 жыл толуына орай «Менің бояулар әлемім» мамандар күні өткізілді. Мақсаты: әдемілікке деген махаббатты қалыптастыру, көркемөнер талғамын қалыптастыру; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Павлодарлық өнер қайраткерлерінің шығармашылықтарымен танысу.
Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина «Реализм өнері» атты әңгіме барысында өмір шындығын, оның негізін мен типтік ерекшеліктері арқылы бейнелеуді көздейтін өнердің осы бағытын түсіндіріп берді.Содан кейін жүргізуші Лидия Михайловнаның ғажайып талантты, өмірге аса құштарлығы мол адам екендігін және оның қуаты мен таусылмайтын нық сенімі туралы айтқан болатын.Содан «Менің байлығым» атты суретші картиналарының слайд-презентация аясында, оның өмірлік жолы туралы қысқаша айтып берді. Лидия Михайловнаны құттықтап, оған шығармашылық табыс пен қуанышты оқиғалардың, бақытты сәттердің көп болуын тілеп, ниет білдіріп келгендер: мүсінші Марат Абілқасымов пен журналист Светлана Чистякова болатын. Марат Әбілқасымов осында қатысып отырған кез келген адамның қырынан қарағандағы пішінін шеберлікпен қиып, балаларға «Суретші-силуэтист» атты мастер-класс көрсетті.
Көптеген студенттер де картина салудағы алғашқы қадамдарын жасап жатқандықтан, суретшіге өздерінің көкей кесті сұрақтарын қойды.
«Суретші де ақын сияқты…» өлеңінің бейнебаяны мен «Қарындаш салынған қорап» атты әнінің бейнебаяны іс-шараның сәнін келтірді. Маман күні соңында, журналист С.Чистякова Павлодарлықтарды ұлы өнерге қатыстырып, балаларға кіші Арбатты осы кітапхана қабырғасында қайта жаңғыртуды ұсынды. Қатысқандар саны – 31 адам.