2018 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 13.00-де ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде № 14 Жалпы орта білім беру мектебінің 6 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жерім – алтын бесігім» атты тарих сағаты өткізілді. Іс шараның басты мақсаты – өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу . Балалардың назарына «Қазақстан – Отаным менің» атты кітап көрмесі дайындалды, сол көрме бойынша әдеби шолу өткізілді. Іс шара жүргізушілердің сәлемдесуімен және ҚР Әнұранын орындауымен басталды. Жүргізушілер қонақтарды және оқушыларды мерекемен құттықтады. Содан соң, барлықтарына «Тәуелсіздік хроникасы» бейнефильм көрсетілді. Шара барысында оқушылар Қазахстан, Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып, «Қазақстан» атты сөзжұмбақ шешуге қатысты. Ал қазақ халқының мақалдарын құрастырған кезде үлкен тапқырлық көрсетті. Іс шара, оқушылардың орындауында «Көк тудың желбірегені» атты әнімен аяқталды. Кітапхана қызметкерлері барлық балаларға сыйлықтар таратты.