2018 жылдың 13 желтоқсанында балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай № 19 ЖОМ 5 сынып оқушыларына арналған «Туған өлкем, Тәуелсіз Қазақстан!» атты әдеби-музыкалық композиция өтті. Іс шара жүргізушілердің сәлемдесуімен және ҚР Әнұранын орындауымен басталды. Жүргізушілер қонақтарды және оқушыларды мерекемен құттықтады. Кітапханашылардың Тәуелсіздік күні, қазақстандықтар үшін бұл оқиғаның маңызы туралы әңгімелері оқушыларды қызықтырды. 5-ші сынып оқушылары «Атамекен»,» Қазақ елі «әндерін орындап, Құрманғазы» Адай «күйін тыңдады. «Менің Қазақстаным» атты сұрақ жауап ойынында оқушылар өз ақыл-ойын, эрудициясын көрсетті. Астана туралы слайд-бағдарламаны көру, «Айналайын» би композициясы, «Тәуелсіздік» сөзжұмбағын шешу — оқушыларға өте ұнады.
Шара соңында балаларға «Туған жерім, тәуелсіз Қазақстан!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды»