«Кім тапқыр!»

5 қаңтар күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 1 ЖОББМ-нің қазақ тілінде оқитын 3-4 сынып оқушыларына балалардың қысқы демалыста бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Кім тапқыр!» танымдық ойын сайысы өткізілді. Балалар екі топқа бөлініп, «Ұйқасын тап»,  «Кім тез шешеді» жұмбақтарды шешу, «Ойлан, ізде, тап»  мақал-мәтелді жалғастыру, «Адасқан әріптің орнын тап» ойыны, «Кім жылдам?» ойыны, «Сұрақ – жауап» ойыны, «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?» ойындар сайысы ойнатылды. Іс-шара соңында » Ал, күте тұрыңыз!» мулльтфилімі көрсетілді. Балалар өз білімдерін ортаға салып, белсенді қатысып, ойнап, өз демалыстарын көңілді өткізді.

 

Комментарии запрещены.