«Еліміздің болашағы – біздің болашақ» атты танымдық сағаты

№ 8 балалар  кітап­ханасының қызметкерлері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында № 14 мектептің   5 сынып оқушыларымен бірігіп, «Еліміздің болашағы – біздің болашақ» атты  танымдық сағатын  өткізді. Шараның мақсаты: Қазақстанның мәдени мұрасын және  кітап қорындағы  жинақталған ұлттық әдебиет пен жазба үлгілерін оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, туған өлкенің тарихын таныту.
Кітапхана қызметкері Альмира Инсебаева  оқушыларға өлкеміздегі қазақ халқының этнографиялық ескерт­кіш­тері жөнінде мағлұмат берді. «Қазақ халқының асыл мұрасы» атты вик­то­риналық сұрақтарға Айым, Алмас, Қуандық, Алиша, Дильназ сынды оқушылар аса қызығушылықпен, белсенділік танытып отырды.
«Мәдени мұра – халық игілігі» атты кең көлемді кітап көрмесі әзірленіп, библиографиялық шолу жүргізілді. Кітап көрмесіне «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар, газет-журнал материалдары қойылды. Жастар көрмедегі кітаптармен танысты. Соңғы жылдары еліміздің рухани кеңістігінде жаңа көкжиектер ашылды. Ұлтымыздың мәдениеті мен тарихы тың арнаға бет бұрды. Қоғамдық сананың дамуы жолында ғаламдық жаһандануға жұтылып кетпей, ұлттық бет-ажарымызбен рухани мұрамыздың іргетасын сақтап, ұрпаққа аманат жеткізуге жасалған игі қадам аз емес. Соның бірі – «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. Шараға 19 бала қатысты.

Комментарии запрещены.