№4 балалар кітапханасында №43 орта мектептің 3 сынып оқушыларына «Дені саудың — жаны сау» атты денсаулық сабағын өткіздік. Мақсаты: өз денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Адам үшін денсаулық – бірінші байлық, сондықтан бала кезінен балалардың өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және денсаулығын күтіп, оны сақтап қалу әр адамның өз қолында. Шараның басында балалар «Пайдалы-зиянды» ойынына белсене қатысты, денсаулық туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді. Сабақ барысында балалар өздерінің күн тәртібі туралы айтып берді. Күн тәртібінің дұрыстығын тексеру үшін балаларға «Күн тәртібі» ойынын ұсындық. Осы ойында балалар күн тәртібінің тармақтарын саралап орналастыру керек болатын. «Спорттың түрін көрсет» сайысында балалар дене қимылы және бет мимикасы арқылы спорттың бірнеше түрін көрсетті. Балалар қандай спорттық үйірмелерге қатысатынын айтты. Бойсергіту өткізіп, шараны жалғастырдық. Денсаулық сабағында көру мәселесіне ерекше назар аударылды.«Көңілді адамдар» ойынында әзіл түрінде кейбір балалардың көз көруін тексеріп шықтық. Дұрыс тамақтану тақырыбы да қозғалды. «Дені саудың – жаны сау» кітап көрмесінен шолу өткізіп, балаларды кітаханамыздағы денсаулық туралы кітаптармен таныстырдық. Балалар әр адамның бақыты — денсаулығы туралы ойланып, күш-қуаттарын, денсаулықтарын сақтау үшін, ұзақ өмір сүру үшін қарапайым ережелерді сақтайды деп уміттенеміз.Қатыстандар саны: 20 адам.