5 қазан күні П.Васильев атындағы Орталық қалалық кітапхананың коворкинг орталығында павлодарлық ақын, белгілі журналист Ш. Байғалының 70 жасқа толу мерейтойына орай «Дара жол» бағдарламасы бойынша «Ертістің ерке қызы» атты кеші болып өтті. Бағдарламаның жүргізушісі ақын, журналист Айбек Оралхан келген қонақтарды таныстырды.
Қонақтарымыз: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әріптесі, досы М. Омаров, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшілері Ф. Бықай мен У.Мақұлұлы. Ш. Байғалының жерлесі Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылының мектеп директоры – Қайырбай Мухтарұлы Бейсенбаев. Сонымен қатар №1 ЖОББ мектебінің оқушылары, С. Торайғыров атындағы ПМУнің, ПМПУнің, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері, тұрақты оқырмандар мен кітапханашылар қатысты.
Бағдарлама Ш. Байғалыны қошеметтеп ортаға шақырудан басталды.
Ш. Байғалы өз туындысынан халқына ризашылығы білдіріп, өлең жолдарын арнады. Павлодар қаласы «ОКЖ» басшысы К. Ж. Калиева ізгі тілектерін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады. Қызылтаң ауылынан арнайы келген жерлесі Қ. Мұхтарұлы Тереңкөл ауылында өткен, Ш.Байғалыға арналған шараларды атап өтті. Сонымен бірге ақынның өлеңін жатқа айтып берді.Көп жылдар бойы шығармашылық салада жүрген өз әріптесі, досы Мұхит Омарұлы ақынның шығармашылығы туралы әңгімелеп, қуанышы мен қиындықтарды еске түсіріп, баяндады.
Ф.Бықай мен У.Мақұлұлы Ш. Байғалының өңірімізге сіңіріп жатқан еңбегі кейінгі ұрпаққа қалдыратын ақынның шығармашылығына тоқтады. «Егемен Қазақстан»газетінің тілшісі Ф.Бықай журналистің ауыр жұмысын еске түсіріп, ақынның лирикалық өлеңдерінің әсерімен бөлісті. Шараға қатысушылардың ішінде ПМУдің «Физика» бөлімінде оқитын Ермек Ибраһим ақынның өте қайғылы кезеңінде жазған «Мен сені ұмыта алмаймын» деген өлеңін көзге жас алып, оқып берді. Шолпан Байғалы бұл өлеңді кенеттен қайтыс болған қызына арнады.
«Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі журналист, ақын А. Оралхан шараны қызықты етіп өткізді. Еркін әңгіме дүкен құрылып, сұрақтар алмасты.Коворкинг орталығының төрінде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына арналған «Ақын қызы өлкемнің» атты слайд топтамалары көрсетіліп тұрды. Студенттер, қала тұрғындары мен «БАҚ» өкілдерінің қатысуымен, кітапханашылардың арнайы дайындаған «Жүрек жарды ізгі тілектер» атты бейнеқұттықтауы ерекше болды. Ақынның кітапхана қорында сақталған шығармаларынан «Еркелеймін Ертіске» атты кітап көрмесін ұйымдастырылып, шолу жасалынды.
Шара барысында «Шаңырақ» мәдени ойын-сауық орталығынан келген «Ән-Домбыра» дуэтінің орындауында тамаша ән шашулар ұсынылды. Амангелді Абдықадыр мен Сәуле Бекхожинаның орындауындағы «Әгугай домбыра» мен «Құмған алған» әндері ерекше әсер қалдырды. Бағдарлама аясында ақынға жүргізуші тарапынан сұрақтар қойылды. Талап бойынша қысқа да нұсқа жауаптар алынды. Шара соңында ақын алғысын білдіріп, алда талай шаралардың куәсі болатынын айтты.
Қатысушылар: №1 ЖОББМ оқушылары, ПМУдің, ПМПУ-дің студенттері, тұрақты оқырмандар, кітапханашылар. Қатысқан: 57 адам.