9 қазанда № 4 көпшілік кітапханасының қызметкерлері шағын ауданның зейнеткер тұрақты оқырмандары үшін Халықаралық қарттар күніне арналған «Нәзік жандардын тамаша туындылары» атты отбасылық мереке өткізді. Оқу залында кітап-иллюстрация көрмесі ашылды.
Оны жүргізген кітапханашы Кусанова Бактылы Кошербаевна қонақтарды мерекемен құттықтай келіп, «Қамқорлық» айлығының мәні, мақсаттары мен міндеттері, адамдардың өмір сапасын жақсарту жолындағы қалалық қызметтердің атқарып жатқан қайырымдылық көмегі туралы әңгімеледі. Кітапхана ұжымы қонақтарға сый-сияпат жасап, шай берді, ал зейнеткерлер өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін айтты. 5 адам қатысқан.