«Сан қырлы батыр бейнесі» әдеби кеш

Алғаш рет қазақстанда республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы биылғы жылы    жалпыхалықтық оқуға таңдалған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Немат Келімбетов және Бауыржан Момышұлы  үш автордың кітаптары таңдалып алынды. № 7 балалар кітапханасының кітапханашылары дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатына  «Сан қырлы батыр бейнесі» әдеби кешін өткіздік. Мақсаты: «Бір ел — Бір кітап» жыл сайынғы акциясы — көркем әдебиетті дәріптеу, кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

Шараға  қатысқан оқушылар: 5 «б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Н.В. Желтикова. Кітапханашы Жанкей  Даутхан және Галина Владимировна Цаплина «Бір ел – бір кітап» акциясының және жазушы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны шығармашылығы туралы әңгімеледі. Шара барысында Гвардия полковнигі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы, Мәскеу үшін шайқасқа қатысушы, жазушы Бауыржан Момышұлы елімізде ғана емес, басқа да елдерде білетіні туралы балалар өздеріне мәліметтер алды. Б. Момышұлының «Біздің отбасымыз», «Москва үшін шайқас» шығармаларынан үзінділер оқылып, талқыланды. Автордың шығармашылығына арналған  «Бір ел –бір кітап» тарих акциясы бойынша сұрақ-жауап ойыны өткізіліді. Кездесуді қорытындылай келе, сынып жетекшісі Н. В. Желтикова атап өткендей, «Біздің отбасымыз» повестінің тамаша жазылғанын, қазақтың салт-дәстүрі, тәрбиелік мәні туралы да айтып, шығарманы балаларға оқуға шақырып басқа да шығармаларымен таныстырды. Шара соңында кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасады.

Қатысушылар: 15 оқушы.

Комментарии запрещены.