«Отбасы — өмір аясы» отбасылық кеші

15 қыркүйек күні сағ. 12-де № 3 көпшілік кітапханасының коворкинг орталығында «Отбасы — өмір аясы» отбасылық кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты — отбасына құрметпен қарау, туыстарына және достарына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, балалар мен ата-аналарының интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалар мен ересектердің бос уақытын бірге өткізуге қызығушылығын арттыру.

Әңгіме барысында кітапханашы Б.Г.Елемесова әр адамның ең басты  құндылығы – отбасы деп атап өтті. Ол отбасы құндылықтары, туыстық қарым-қатынас, отбасына және туыстарға деген сүйіспеншіліктер туралы айтты. Іс-шараға қатысушыларға «Менің үйім — менің бекінісім» атты кітап көрмесіне кітапханашы  Б.И.Асылханова  шолу жасады. Ұйымдастырылған отбасылық кеште Ленин кентінің көп балалы отбасылары Құрымбаевтар мен Шандыбасовтарға құрмет көрсетілді. Кітапханашы М.Е.Нұрғожинова отбасы мүшелерінің әрқайсысы қатысатын бәсекелестік ойын бағдарламасын өткізді. Барлық отбасы мүшелеріне «Біз тату отбасымыз» викторинасы, «Менің арманымның үйі», «Көңілді тазалау» конкурстары, «Біздің дарындарымыз», «Фотограф, түсіріңіз!» шығармашылық конкурстары өткізілді. Мереке шәй ішу рәсімімен жалғасты. Шамамен 10 адам қатысты.

Комментарии запрещены.