12 қыркүйекте № 21 орта білім беру мектебінің 8 «Б» сынып оқушыларына № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері қазақ жазушысы Оралхан Бөкеевтің 75 жылдығына арналған «Есімі — халықтың жүрегінде» атты еске алу кешін өткізді. Мақсаты: оқушыларды жазушы Оралхан Бөкеевтің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.
Жетекші кітапханашы Динара Амангелдіқызы Қалиева балаларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Ол жазушының еңбектері жайында, шынайы және жалған рухани құндылықтар, жақсылық пен жамандық, батырлық пен ерлік туралы әңгімеледі. Оралхан Бөкеев – сөз сиқырының шебері. Ол өз шығармашыларының пішінін таңдауда, кескіндеуде ерекше қасиетке ие.
Оқушылар — Тұрсынова Алина, Нұрова Анель «Қайдасың, қасқа құлыным», «Кербұғы» повестерінен үзінділер оқыды.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар мен бейнеролик көрсетілді.
«Оның портреті – заман келбеті» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде Оралхан Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, мерзімдік басылымдар, әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды. Қатысқандар 22 адам.