«Ана тілді асқақтатқан Ұлы елім» атты тәрбие сағатын

2018 жылғы 5 қыркүйекте № 5 жалпы орта білім беретін мектебінде 4 сынып  оқушылары үшін Орталық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған «Ана тілді асқақтатқан Ұлы елім» атты тәрбие сағатын өткізді.

Кітапханашы Самчук Ольга Александровна осы мерекенің тарихы, Қазақстандағы қанша диаспора тұратындығы туралы,  мемлекеттік тіл — қазақ тілі бола тұра, әрбір диаспораның өз ана тілінде еркін сөйлесе алатындығы туралы қысқаша айтып берді. Іс-шараны «Халық аспаптарының сиқырлы дыбыстары» атты музыкалық байқауымен жалғастырды, қатысушылар әуенді тыңдау арқылы қай ұлттық мәдениеттің әуеніне тиесілі екенін айтты.

Әңгіме барысында оқушылар қазақ тілінің мемлекеттік тіл екенін және әлемдік ұлтаралық қарым-қатынас тілдерінің бірі ретінде орыс тілі — біздің еліміздің достығын, қарым-қатынасын және жақындасуын нығайтуға ықпал ететіндігін растады. Содан кейін балалар «Қазақстан» туралы сұрақ-жауапқа қатысып, мақалды тыңдап қандай ұлт туралы әңгімеленгенін тапты.

Іс-шараның ақырғы бөлігінде осы атаумен кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Комментарии запрещены.