2018 жылдың 5 қыркүйегінде П.Васильев атындағы қалалық орталық кітапханасында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған гуманитарлық колледждің студенттеріне «Ана тілі — ұлт айнасы» жедел ақпарат өтті.
Мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен ана тіліне және еліне деген сүйіспеншілік пен құрметтеуге, әртүрлі ұлттардың тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
Қазақ халқының ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаев «басқа халықтардың тілі мен мәдениетін білсең , олардың арасында тең боласың…» деген.
Біздің мемлекетіміздің саясаты, этникалық топтарына қарамастан, Қазақстан халықтарының теңдігін нығайтуға бағытталған. Мемлекеттік тіл саясатының қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Тілдер туралы» заңдарында айқындалған. Тіл — достық бағанасы, халықтардың жақындасуына ықпал ететін арнайы құрал.
1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «ҚР тілдер туралы» Заңында біздің көпұлтты еліміздің әрбір тұрғыны өз тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуға құқылы деп бекітілген. Бірақ бүгінгі күні Қазақстанның халықаралық мәртебесі, республикаға ел атауын беріп отырған, ұлттың тілін тиісті деңгейге көтеруді талап етеді.
Мемлекет басшысы әрқашан «Қазақстан болашағы — қазақ тілі» деген қағиданы қолдайды. 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекет мемлекеттік тілді қолдану бойынша негізгі іс-шаралар жүргізуде және бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда.
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі болып табылады. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады және қазақ тілімен тең дәрежеде мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады. Бұл жайында кездесуді бастаған жүргізуші атап өтті.
Лингвистикалық ғалымдардың айтуынша, әлемде 6800 тіл бар. Алайда, олардың жартысы бірнеше ұрпақ шеңберінде жоғалуы мүмкін. Бұл дегеніміз Жер бетінен әр он күн сайын бір тіл жоғалып отырады дегенді білдіреді. «Әлем тілдері» видеобейнесі көрсетілді.
Содан кейін жүргізушілер елімізде тұратын әртүрлі ұлт өкілдеріне, 24 ұлттық –мәдени орталығынан тұратын Павлодардағы Кіші Ассамблеясына мемлекет тарапынан ана тілін үйренуге жан-жақты көмек көрсетілетіндігі туралы айтылды. Ұлттық мәдени орталықтар туралы бейнежазбаны көргеннен кейін Корей этно-мәдени орталығының төраға орынбасары Афанасьева Раиса Самсоновна орталықтардың бірінің жұмысымен толығырақ таныстырды. Сосын студенттер «Тіл Керуен» викторинасына қатысуға шақырылды.
Іс-шара «Тіл — достық көпірі» көрмесімен аяқталды.
Қатысушылар саны: 42 адам.