20 қазан күні сағат 12.00-де Рухани келісім күнін мерекелеу аясында №3 көпшілік кітапханада «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты іс-шара өтті. Толеранттылық күні рухани — адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және барлық діни Мәдениеттер мен конфессияларға құрметпен қарау мақсатында өтті. Іс-шара кент ардагерлер кеңесінің мүшелерімен өткізілді. Қатысушылар біздің зайырлы мемлекетімізде сенім мен дін руханияттың, адамгершіліктің және төзімділіктің маңызды көзі екенін айтты. «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы», «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» бейнероликтері осы іс-шараны толықтырды. Қамту 12 адамды құрады.