18 қазан күні №4 көпшілік кітапхана № 18 ЖОББМ 4 сынып оқушылары үшін рухани келісім күніне арналған «Бірлік пен тұрақтылық кепілі» рухани сағатын өткізді. Кітапханашы меңгерушісі балаларға бұл күннің шығу тарихымен таныстырды. Іс-шара барысында балалар төзімділік деген не екенін білді, толерантты адамға қандай қасиеттер тән екенін анықтады. Олар шеңберге отырып, көршісінің жақсы қасиеттерін атап, оның даралығын, басқалардан ерекшелігін көрсететін қасиеттерін атап шықты. Мысалдар арқылы сыйластық, махаббат, түсіністік, келісім, басқаларды қабылдау сияқты қасиеттер әңгімеде қозғалды. Ең бастысы балалар біз әр түрлі екенімізді, бірақ бір қоғамның, бір халықтың, бір сынып ұжымының бір бөлігі болып табылатынын, сондықтан біз бір-бірімізді құрметтеп, бағалай білуіміз керек екенін түсінді. Сонымен қатар «Рухани келісім – халық байлығы» атты кітап көрме топтамасына назар аударылды. Іс-шараға 30 адам қатысты.