3 тамызда № 4 балалар кітапханасында оқырмандарға арналған «Табиғат, біз — сіздің достарыңыз!» атты таным сағатты өткізілді.
Жетекші кітапханашы Мухутдинова Наталья Константиновна балаларға біздің өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып әлемімен қоршалғанымызды айтты: күн, су, ауа — міне бұл біздің планетамыздың тамаша сыйы; бірақ табиғатымыз мұқият қарауға және қорғауға мұқтаж. Жас оқырмандар ормандағы, өзен жанындағы қауіпсіздік ережелерін еске алды, «Орман — біздің байлығымыз» викторинасының сұрақтарына жауап берді, құстар мен жануарлар туралы жұмбақтардың жауабын тез тапты.
Содан кейін балаларға «Жақсы, жаман», «Дұрыс жауапты таңда», «Орманға барсам» ойындары ұсынылды. Кітапханашы «Табиғат туралы махаббатпен» кітап көрмесінде «біздің кішкентай бауырларымыз туралы» ғажап шығармаларды жазған авторлар- И.Тургенев, Н.Сладков, В.Бянчи, М. Пришвин, В. Чаплин, К.Ушинский, И.С. Соколов-Михитов, Г. Снегирев және басқалар туралы әңгімелеп берді.
Балалар «Бала және жер» экологиялық мультфильмін тамашалады; В. Бянчидің «Кімнің мұрны жақсы?», И. С.Тургеневтің — «Торғай», М.М. Пришвиннің — «Көбелек аулау» аудио әңгімелерін тыңдады.
Іс-шараның соңында кітапхана достары табиғатқа мұқият қарауға, оны тыңдауды үйренуге, табиғатты ренжітуге басқаларға жол бермеуге, планетаның сұлулығы мен байлығын сақтауға тырысу керек деген тұжырымға келді. Қатысқаны – 10 адам.