3-5 тамызда Павлодарда «Ұлы дала» этно-фестивалі өтті. Іс-шараның басты орны — 100-ден астам киіз үйден тұратын этноауыл Павлодар-Астана тас жолының бойында Ертіс өзенінің оң жағалауындағы көпірдің ар жағына орналастырылды.
Мерекелік іс-шара «Қоянды жәрмеңкесі» атты театрландырылған қойылым, ат-арбалар шеруімен басталды. «Ұлы дала» этноауылының басты сахнасында қазақ эстрадасының жұлдыздары — «Жігіттер», әншілер Ернар Айдар, Алишер Каримов концерт қойды. Көрермендерге парашютшылардың шашуы; сирек ұлттық тағамдар көрмесі; арқан тартушылар мен қырғыз садақшыларының көрсетілімі; «Өнерлі елдің өресі биік» қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі; ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұнады. Салтанатты іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болған гала-концертпен аяқталды.
Павлодар облысының кітапханалары «Тәуелсіздік дәуірі» шатырында орналастырылған қондырғылар мен көрмелер ұйымдастыруға жауапты болды. П.Василев атындағы Орталық қалалық кітапхана Астана қаласының қалыптасу күнінен бастап біздің күндерімізге дейінгі 20 жылдық даму кезеңіндегі Астана қаласының суреттері бейнеленген «Ел жүрегі — Астана» фотокөрмесін ұсынды. Шатырға келген көрермендеріміз Елордамыздың кешегі және бүгінгі күнінен сыр шертетін фотосуреттерге қызығушылық танытты, онда салыстырулар жасалды – бұған дейін қалай болды және қазіргі уақытта қалай болды. Қатысушылар саны — 100-ден астам адам.