26 қыркүйек күні Павлодар қ. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, әлемге танымал қазақ жерінің ұлы тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Жазушы және уақыт: Мұхтар Әуезовке 125 жыл» атты конференциясы өтті.
Мектеп оқушылары «Әуезов – планеталық құбылыс», «Абай жолы» романы туралы», «М.О.Әуезовтің жетістіктері мен марапаттары», «Жазушының электронды кітапханасы» сынды жобаларының нәтижелерімен таныстырды.
М.Әуезовтің мектеп мұражайының меңгерушісі Омарова Лаура Серікқызы «Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасының өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына әсері» атты баяндама жасады.
Конференция қонағы, 1998 жылы мектеп мұражайының директоры қызметін атқарған, Ақышева Бақытжамал Мақсұтқызы мектепке неліктен Мұхтар Әуезовтің есімі берілгені туралы әңгімеледі.
№2 балалар кітапханасының меңгерушісі Кеңесбаева Гүлбану Қалымқызы «М.Әуезов шығармаларының әлем тілдерінде жариялануы» слайд-презентациясын көрсетті.
«Әлем таныған-Әуезов» атты кітап көрмесі дайындалды. Онда Павлодар қ. М.Әуезов атындағы №42 орта мектептің оқушылары мен педагогикалық ұжымына жолданған Мұхтар Әуезов Қорының Президенті, ұлы Мұрат Әуезовтің хаты ұсынылды. Қамту-85 оқушы.