5 шілдеде Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде осындағы мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы Б.Т.Нұрғазинамен бірге Астананың 20 жылдығына арналған «Ел тірегі – Елорда» атты мерекелік шара өткізді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен бой көтерген Елордадағы «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Хан-Шатыр», «Бәйтерек», «Думан» , «Астана опера» сияқты көрікті нысандар көрген кісіні бөлекше әсерге бөлейтіні сөзсіз.
Шара барысында «Рябинушка» вокал тобы «Мой Казахстан», «Жаса, Қазақстан!», «Желаю», «Город мой», «Есть такая земля», «Любимый край» әндерін шырқады. Жиналғандар Астанаға сырттай саяхат жасады. Мекеме директоры Сапарбек Сеитович Абдуллин құттықтау сөз сөйледі.
Жүргізушілер кітапханашы Л.А. Лавриненко мен Б.Т. Нұрғазинова Елорда туралы шағын әңгіме өткізді. Астана туралы кітаптарға шолу жасалды. 68 адам қатысты.