Әйелдер құқығын қорғау семинары

19 шілдеде Ленин кентіндегі №3 көпшілік кітапханасының коворкинг-орталығында тұрғындарға арналған «Әлеуметтік жетімдіктің, тұрмыстық қорлаудың алдын алу. Қорлау құрбандарын құқықтық  қорғау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарлы өткізгендер: «Балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту мен бейімдеудің Павлодар қалалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Бельгибаева Фарида Шариповна мен Павлодар облысы ІІД әйелдерді қорлаудан қорғау жөніндегі аға инспектор,  полиция майоры Искакова Айсулу Бауржановна.

Іс-шараға әр түрлі жастағы тұрғындар қатысты. Фарида Шариповна орталықтың негізгі қызметі туралы әңгімелеп, «Жас отбасы мектебінің» кеңесін өткізді. Қатысушыларға осы тақырыптағы ақпараты бар буклеттер таратылды. 12 адам қатысты.

Комментарии запрещены.