10 шілде күні №2 балалар кітапханасында №42 мектептің жазғы лагерінің 30 оқушысына «Жол тәртібін біл де сақта!» танымдық сабағы өткізілді.
Мақсаты:
— жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
— жолда жүру тәртібінің ережелерімен таныстыру, есінде сақтау.
Сабақ жолда жүру тәртібімен, жол ережелерімен таныстыратын «Қала әліппесі» атты қауіпсіздік әңгімесімен басталды. Балалар жолды қай жерде және қалай кесіп өтуге болатынын, бағдаршам мен жерасты өтпесінің не үшін керектігін біліп, көліктердің түрлерімен танысты.
Жұмбақтар шешті, сұрақ-жауап ойынына қатысты. Сонымен қатар «Тауып ал», «Автомульти», «Жол белгісінің суретін салып бітір» ойындарын ойнап, «Жол ережелерінің әліппесі» атты бейнебаянды тамашалады.