20 шілдеде №6 балалар кітапханасының оқу залында №1 мектептің жанындағы лагерьдегі балаларға «Бағдаршам» конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Оның мақсаты: жол жүру ережелерін қайталау, негізгі жол белгілерімен таныстыру, есті, ойды, назарды, шапшаңдықты және ептілікті дамыту, жолда жүру мәдениетін тәрбиелеу.
Ойын түрінде балаларға жолда бақытсыз жағдайдың болмауы үшін жол жүру ережелерін сақтаудың қажеттігі айтылды. Бұдан кейін балалар «Көлік құралдары» конкурстық жұмбақтарға, «Иә-Жоқ» ойынына, «Жол әліппесі» конкурсына, викторинаға белсенді қатысты. Сергіту сәті де осы тақырыпқа арналды.
Балалар кітапханашылардың сұрақтарына жауап бере отырып, жолда өте сақ болу, жол ережелерін білу және сақтау керектігін және ол қозғалысқа қатысушылардың барлығы үшін заң екенін білді. Арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жасалды. 26 адам қатысты.