9 шілдеде №6 балалар кітапханасының оқу залында «Белгілі тұрғылықты жері жоқ балалары бар аналардың әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі балалар мен олардың аналарына тіс күтіміне арналған конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: гигиеналық дағдыларды бекіту.
Шараны жүргізген кітапханашы Нағима Бекбулатовна Ақшолақова адамның денсаулығы туралы әңгімеледі. Әрбір адам өз денсаулығы туралы ойлануы керек. Балалар адам ағзасының органдары бір-бірімен байланысты екенін, тіс пен ауыз қуысының сау болуы өзге органдарға игі ықпал ететінін білді. Ал аурудың алдын алу үшін тіс пен ауыз қуысының гигиенасын сақтау және толығынан салауатты өмір салтын сақтау керек.
Бұдан кейін қатысып отырғандар салауатты өмір салты туралы слайд-презентацияны тамашалап, викторина сұрақтарына жауап берді. Кітапханашылар тіс гигиенасына арналған шағын сахналық көріністі көрсетіп, кроссворд шешуді, ойындарға қатысуды ұсынды. Оның барлығы салауатты өмір салтын сақтауға, гигиена мен дұрыс тамақтануға шақырды.
Іс-шараның соңында жалпы қорытынды шығарылып, осы тақырыптағы кітап көрмесі таныстырылды. 8 адам қатысты.