28 маусымда №4 көпшілік кітапханасында №18 мектептің жазғы демалыс лагеріндегі балаларға Қазақстан Республикасының Елордасы – Астананың 20 жылдығына арналған сурет конкурсы өткізілді. Оқу залында конкурсқа қатысушылардың жұмысы қойылды.
Шараны жүргізген кітапхана меңгерушісі Мұхтарханова Гүлнар Декдарбековна еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені, Ақмоланың Астана болып қалай өзгергені, қалай Елорда мәртебесіне ие болғаны туралы әңгімеледі. Сарыарқаның төсіндегі, Есіл өзенінің бойындағы Астананың табиғи ерекшеліктері, аумағы 710 шаршы км , қазір тұрғындар саны 1 миллионға жеткені, олар жүз отыздан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері екендігі және де басқадай қызықты деректер келтірілді.
Әр қатысушы өз жұмысы туралы айтқаннан кейін, конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды:
1 орын — Точимен Кирилл «Бәйтерек» суретімен.
2 орын — Карилия Светлана «Президентке тарту».
3 орын — Ламия Софья «Океанариум».
4 орын — Прохорова Дарья «Астана».
Бұдан кейін балалар үстел ойындарын ойнады. Кітап көрмесіне шолу жасалды. 20 бала қатысты.