«Ұлылардың ұлысы — Абай» әдеби-музыкалық кеш

Тамыз айының 10 – күні Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасының оқу залында  Абай күніне арналған  «Ұлылардың ұлысы — Абай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шарада көрермендер «Абай мұрасы», «Абай даналығы» атты екі топқа бөлініп ойын өткізілді. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. КЖОББ-мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, Абай атамыздың өлеңдері орындалып, әндері шырқалып, күінен шашу шашылды. Кеш өте әсерлі өтті.

Комментарии запрещены.