14 маусым күні П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада №35 мектептің жазғы лагерь балаларына арналған «Даналық әліппесі» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді. «Интерактив Қазақстан» базасында әзірленген «Даналық әліппесі» бір нұсқаулықтан, он екі кітаптан және сөйлейтін қаламнан тұратын оқу-тәрбие кешені негізге алынды.
Алдымен бейне-караокемен әртүрлі қимылдар жасаумен сергіту сәті өтті. Жүргізушілер А. Жұмабаева мен Р. Займолда «Даналық әліппесі» кітабының әр бөлігіне жекелей тоқталып, мысалдар келтірді. Олар: «Қобыз үні», «Домбыра үні», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер сөзі», «Аталар сөзі», «Бабалар батасы».
Үшінші «Бесік жыры» кітабын таныстыру барысында балалар бесік жырын тыңдап, кітапханашы Р. Займолда әже болып киініп, балалармен бірге бесік жырын орындады. Төртінші «Халық әні» кітабы бойынша балалар өздері жатқа білетін «Қошақан» әнін караоке түрінде орындады. «Халық ертегісі» кітабы бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін тамашалады.
Сонымен қатар қызықты ойындар ұйымдастырылды. Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастауда» ойынының шарты бойынша жеңілген бала өз өнерін ортаға салды. Біреуі ән айтса, біреуі би биледі. Ойынға балалармен қатар тәрбиешілері де белсене қатысты. Олар Амангелді Рунар, Мухамедияр Ерасыл, Наукенова Әмина, Рахметова Жансая және басқалар.
Келесі «Акылды алты қалпақ» ойынын кітапханашы А. Жұмабекова өткізді. Ойын балалардың түстерді айыра білуіне, өз ойларын еркін де тез айта білуіне арналды. Оқушылар Малатай Әлиасқар, Болтаев Бақберген, Елеубаев Азат ептілік байқатты. Балалардың ұлтының құнды қасиеттерінен хабары мол екендігі қуантты. Шара соңында әр балаға шағын сыйлықтар таратылып, естелік суреттерге түсті. Қатысушылар саны: 43 адам.