15 маусымда №4 көпшілік кітапханасы №12 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға ертегілер бойынша танымдық шара өткізді. Мақсаты: балалардың ертегілер туралы ұғымын кеңейту, логикалық ойлауын жетілдіру.
Оқу залында «Менің сүйікті ертегім» атты кітап-иллюстрация көрмесі жабдықталды. Шараны жүргізген кітапханашы Гүлнар Декдарбековна Мұхтарханова халық фольклоры, ертегілердің өнегелік мәні мен түрлері туралы әңгімеледі. Ертегілердің жан-жануарлар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыстық түрлеріне толығырақ тоқталды. Балалар ертегілердің сюжеті негізінде конкурстар мен викториналарға қатысты. Онда заттар мен иллюстрацияға қарап ертегінің атауын табу, берілген кейіпкердің суретін әрі қарай салу, жасырылған жұмбақты шешу керек болды. Қызықты әрі көңілді өткен шараға 20 бала қатысты.